1001 Kitap - podcast cover

1001 Kitap

2020-2025, Bakytgul Salykhovapodcasters.spotify.com
1001 kitap / 1001 кітап / 1001 books podcast About books, my recommendations, what to read. Ғылыми-танымдық, көркем әдеби шығармаларға шолу, кітаптар туралы пікірім, оқуға ұсынылатын кітаптар туралы қазақша подкаст. Подкаст жүргізушісі: Бақытгүл Салыхова Instagram: @bakytgulsalykhova TikTok /Telegram: @bilimpaz www.bilimpaz.kz
Last refreshed:
Follow this podcast in the Metacast mobile app to refresh it and see new episodes.
Download Metacast podcast app
Podcasts are better in Metacast mobile app
Don't just listen to podcasts. Learn from them with transcripts, summaries, and chapters for every episode. Skim, search, and bookmark insights. Learn more

Episodes

№3 OyLab: Ғылымды насихаттаушы әйелдер

№3 OyLab: Ғылымды насихаттаушы әйелдер Журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова бұл жолы ғылымдағы әйелдердің рөлі мен олардың жазған кітаптары туралы айтады. Бұл эпизодта Мария Кюриден бастап қазіргі заманғы зерттеуші әйелдерге дейінгі ғылымдағы әйелдердің үлесі мен олардың зерттеулерінің маңыздылығы қарастырылады. Сондай-ақ, ғылыми жетістіктерді кеңінен таныту үшін не істеу керектігі туралы ой қозғайды. Егер сіз ғылым, зерттеу, гендерлік теңдік тақырыптарына қызығатын болсаңыз,...

Mar 17, 202547 min

№2 OyLab: Полигон - айтылмай қалған естеліктер

№2 OyLab: Полигон - айтылмай қалған естеліктер Журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова бұл жолы ядролық сынақ пен радиацияның әсері мен тигізген зардабы туралы жазылған кітаптарды талқылайды. Шығарылым көрермендерден келіп түскен сұрақтарға жауап беруден басталады. Жалпы OyLab жүргізушілердің кітап оқу барысында алған әсері, уайымы мен сезімдері, туындаған сұрақтарға жауап іздеуі, өзіндік сараптамасы мен бағалауынан тұрады....

Feb 11, 202545 min

№1 OyLab: Қанды Қаңтар туралы кітаптар

№1 OyLab: Биыл Қаңтар оқиғасына 3 жыл толды. Подкаст эпизодында Әйнел және Бақытгүл осы уақыт аралығында шыққан кітаптарды талқылайды. Қаңтар туралы шыққан барлық кітапқа сенуге бола ма? Қандай кітаптарды оқыған жөн? Жалпы бұл кітаптар кімге арналған? осы және өзге де сұрақтардың жауабын шығарылымнан таба аласыздар. OY-DETOX арнасында журналист Әйнел Әмірхан және аудармашы Бақытгүл Салыхова айына бір рет кездесіп зерттеулерге негізделген, ғылыми-танымдық кітаптарды талқылайды....

Jan 13, 202547 minSeason 3Ep. 1

#47 Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 2-бөлім “Көп кітап келді Алладан, оның төрті…”

Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 2-бөлім “Көп кітап келді Алладан, оның төрті…”, “Осы жұрт Ескендірді біле ме екен” өлеңдеріне талдау жасайды. Нақтысы осы бір шумкқты жан-жақты қарастырады

Feb 29, 202426 minSeason 2Ep. 47

1001 kitap: #46 Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 2-бөлім “Махаббатпен жаратқан адамзатты”

Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 2-бөлім: “Махаббатпен жаратқан адамзатты”, “Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ”, “Осы үш сүю болады имани гүл” деген жолдарды түсіндіреді, махаббат философиясын, тақуалық, мұң, тылсым түсініктерін жан-жақты қарастырады.

Feb 21, 202427 minSeason 2Ep. 46

1001 kitap: #43 Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 2-бөлім “Алланың өзі де рас, сөзі де рас”

Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 2-бөлім “Алланың өзі де рас, сөзі де рас” Бұл бөлімде автор түсініктерді талдайды, рас сөзін сипаттайды, Абай Алланың растығын немен дәлелдейтінін айтады. Оған қоса “Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді” дегеннің де мәнін ашады.

Feb 17, 202424 minSeason 2Ep. 43

1001 kitap: #42 Подкаст жаса кітабы, журналистика және коммуникация қысқы мектебі

1001 kitap: #42 Подкаст жаса кітабын және подкаст түрлері мен ерекшелігін сипаттау, журналистика және коммуникация қысқы мектебіндегі шеберлік сабақ барысында жасалған топтық жұмыс, студенттердің ойлары ұсынылады

Feb 17, 202411 minSeason 2Ep. 42

1001 kitap: #41 Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 1-бөлім Анахарсистен Абайға дейін (5)

Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 1-бөлім Анахарсистен Абайға дейін (5): бұл үзіндіде Абай туралы сөз жалғасады. Сонымен бірге ағартушылық түсінігіне көп тоқталады, оның түрлерін сипаттайды.

Feb 17, 202431 minSeason 2Ep. 41

1001 kitap: #39 Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 1-бөлім Анахарсистен Абайға дейін (3)

Ғарифолла Есімов “Хәкім Абай” 1-бөлім (3): бұл эпизодтта әңгіме Жүсіп Баласағұни мен Ахмед Яссауи туралы болады. Автор олардың арасындағы рухани сабақтастықты, түркі мәдениетінің өкілдері екенін айтады.

Feb 16, 202424 minSeason 2Ep. 39

1001 kitap: #35 Мұқағали Мақатаев өлеңдері мен Дантеден аударған “Тамұқ”

1001 kitap: Мұқағали Мақатаевтың туған күні 9 ақпан, бұл күні ақынның өлеңдері мен поэмаларын оқып, жасаған аудармаларын талдау, ерекшеліктерін табу маңызды. Әсіресе аудармалары маңызды, соның ішінде Дантенің “Құдіретті комедиясындағы” “Тамұқ” бөлімін аударғаны әдебиғтке қосқан зор үлесі.

Feb 09, 202424 minSeason 2Ep. 35

1001 kitap: #34 Сюзана Талхуқ “Өз тіліңді өлтірме!”

Тіл, әр адамның ана тілі - өте маңызды. Тілді сақтап қалу, оны қолдану, ана тіліңде сөйлеу - күнделікті қажеттілік. Сюзанна өз күресін, өз жолын бастады. Сен де ана тіліңе құрмет көрсет!

Feb 09, 202417 minSeason 3Ep. 34

1001 kitap: #31 Кітап оқуды қызықты етудің әдістері, оқырманның түрлері

Кітап оқуды қызықты етудің әдістері, оқырманның түрлері: смартфон жеңе ме, кітап па? Алдап-сулап, ұрысып кітап оқытқан дұрыс па? Оқырманның түрі көп: сіз бастаған кітапты, аяғына дейін оқымай тастай скласыз ба әлде аяқтағанша тыным таппай оқи бересіз бе?

Feb 08, 202421 minSeason 2Ep. 31

1001 kitap: #22 SDU студенттері: Неге кітап оқу керек?

Бүгінгі эпизодттам SDU студенттері “Неге кітап оқу керек?” деген сұраққа жауап іздеп, өз ойларын айтады. Оған қоса студенттердің қай кітаптарды оқып жүргенін де білесіздер.

Jan 23, 202415 minSeason 2Ep. 22
For the best experience, listen in Metacast app for iOS or Android