1001 Kitap - podcast cover

1001 Kitap

2020-2025, Bakytgul Salykhovapodcasters.spotify.com
1001 kitap / 1001 кітап / 1001 books podcast About books, my recommendations, what to read. Ғылыми-танымдық, көркем әдеби шығармаларға шолу, кітаптар туралы пікірім, оқуға ұсынылатын кітаптар туралы қазақша подкаст. Подкаст жүргізушісі: Бақытгүл Салыхова Instagram: @bakytgulsalykhova TikTok /Telegram: @bilimpaz www.bilimpaz.kz
Last refreshed:
Follow this podcast in the Metacast mobile app to refresh it and see new episodes.
Download Metacast podcast app
Podcasts are better in Metacast mobile app
Don't just listen to podcasts. Learn from them with transcripts, summaries, and chapters for every episode. Skim, search, and bookmark insights. Learn more

Episodes

1001 kitap: #19 Өмір парадоксқа толы ма?

Өмір парадоксқа толы ма? Парадокс дегеніміз не, неге бұл парадокстарға мән беруіміз керек? Адам бойындағы харизма оны ерекшелендіріп, көп нәрсеге, жетістікке жетелеуі мүмкін.

Jan 20, 202418 minSeason 2Ep. 19

1001 kitap: #18 Бір кітаптың тарихы: Жәрдем Кейкін “Қазақы атаулар мен байламдар”

„Бір кітаптың тарихы“ айдарында кітаптың жазылу тарихы емес, оқырманның қолына қалай келді, несімен ерекше болды деген тарихын айтамыз, әрине кітаптан алған әсер мен мазмұнына да тоқталамыз. Бүгін Жәрдем Кейкіннің “Қазақы атаулар мен байламдар” кітабы туралы сөз болады.

Jan 19, 202426 minSeason 2Ep. 18

1001 kitap: #16 Аударматану ғылымы және аудармаға қойылатын талаптар

Аударматану ғылымы және аудармаға қойылатын талаптар - көркем (әдеби) аударма негіздері бойынша ұсынылатын лекциялардың бір бөлігі. Аудармаға, әсіресе көркем аудармаға қызығатындарға арналады.

Jan 16, 202426 minSeason 2Ep. 16

1001 kitap: #15 Абай қазақ тіліне неше шығарма аударған?

Абай - қазақтың ұлы ақыны, оған қоса аудармашы да. Аударма өнеріне қосқан үлесі зор, сондықтан зерттеушілер қазірге дейін аудармаларын салыстырып, еркін аударма үлгісі ретінде мысалға келтіреді. Ал сізге Абайдың қай аудармасы ұнайды?

Jan 15, 202415 minSeason 2Ep. 15

1001 kitap: #12 Сейітқұл Оспанов “Тасбақалар шежіресі” әңгімесі

Сейітқұл Оспанов “Тасбақалар шежіресі” әңгімесінде адам мен табиғаттың байланысын суреттей келе, табиғатқа қорған болу, жануарлар мен құстарға зиян тигізбеу, арманыңа еңбегің арқылы жетуге болатынын жақсы көрсетеді.

Jan 12, 202418 minSeason 2Ep. 12

1001 kitap: #10 Лирикалық проза және оның ерекшелігі

Лирикалық проза және оның ерекшелігі: бұл эпизодта лирикалық проза түсінігі, оның ерекшелігі, лирикалық кейіпкер туралы сөз болады. Қазақ жазушыларының қай шығармалары лирикалық прозаға жататынын білесіз.

Jan 10, 202418 minSeason 2Ep. 10

1001 kitap: #9 Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі “Пері” образы

1001 kitap: #9 Қазіргі қазақ әңгімелеріндегі “Пері” образы: бұл эпизодта мифтік кейіпкерлер қандай топтарға бөлінеді, пері деген кім, оның қандай қасиеттері бар т.б. деген сияқты сұрақтарға жауап табасыз

Jan 09, 202424 minSeason 2Ep. 9

1001 kitap: #7 Ретбек Мағаз “Көрші” әңгімесі

Ретбек Мағаз “Көрші” әңгімесінде себепсіз жек көру адамның жанын құлазытатынын, ал музыканың жаныңды жадыратып, естеліктерге жетелейтінін сипаттайды.

Jan 07, 202411 minSeason 2Ep. 7

1001 kitap: #6 Өмірде не маңызды?

“Өмірде не маңызды?” сұрағын сіз де өзіңізге талай рет қойған боларсыз. Әрине, жауапты әркім өзінше береді. Бұл эпизодта осы сұраққа берілген жауапты тыңдап көріңіз.

Jan 06, 202428 minSeason 2Ep. 6

1001 kitap: #2 Крис Андерсен “TED Talks“

Крис Андерсен “TED Talks“ эпизодында оқимын деп жоспарлап жатқан кітаптар және TED конференциясында сөйлейтіндердің сөзіне қойылатын талаптар туралы айтылады.

Jan 02, 202421 minSeason 2Ep. 2

1001 kitap: #42 Неге кітап оқу керек?

“Неге кітап оқу керек?” сұрағы бір қарағанда оңай сияқты көрінеді. Бірақ әр адамның өз жауабы бар. Сондықтан осы сұраққа бірге жауап іздеп көрейік. Өз ойыңызды пікірге жазуды ұмытпаңыз.

Dec 30, 202317 minEp. 42

1001 kitap: #38 Журналистер туралы 13 деректі және көркем әдебиет

„Журналистер туралы 13 деректі және көркем әдебиет“: атауы айтып тұрғандай журналистер туралы шыққан кітаптарға шолу жасаймыз, өкініштісі ағылшын және орыс тіліндегі кітаптар, бірақ тыңдарманға осы бағытта зерттеулер жүргізуге жақсы идея береді.

Dec 26, 202317 minEp. 38

1001 kitap: #36 Эдгар Аллан По «Алтын қоңыз» әңгімесі

Эдгар Аллан По «Алтын қоңыз» әңгімесі немесе бүркемеленген ақиқат, шифрлар, кілтсөздер, кодтар әлемі: бұл эпизодта жазушылардың маңызды ақпараттарды жасырып беріп, оқырманды жұмбақ шешіп, болжам жасауларына мүмкіндік беретін мысалдарын талқылаймыз

Dec 23, 202319 minEp. 36
For the best experience, listen in Metacast app for iOS or Android