Qazaqsha Podcast - podcast cover

Qazaqsha Podcast

Bella Orynbetovapodcasters.spotify.com
Мұнда қазақ тілінде подкасттар тыңдай аласыздар. Бұл подкасттарда өмірге, адамдарға, құбылыстарға деген тың көзқарастар, соны пікірлер айтылады. Подкасттың тұрақты жүргізушісі: Бэлла Орынбетова
Last refreshed:
Follow this podcast in the Metacast mobile app to refresh it and see new episodes.
Download Metacast podcast app
Podcasts are better in Metacast mobile app
Don't just listen to podcasts. Learn from them with transcripts, summaries, and chapters for every episode. Skim, search, and bookmark insights. Learn more

Episodes

Әкеммен екі кесе шай

Бұл “Екі кесе” подкастының жалғасы іспеттес. Әкемнің шай үстінде адамгершілік туралы айтқан естелігі менің подкаст эпизодымда тұруға тиіс

May 09, 202413 minSeason 3Ep. 1

Maqala tyñda_Шыңжаңнан келгендердің кейінгі легі

Qazaqsha podcast жаңа айдары " Maqala tyñda " деп аталады. Мұнда қазақ медиасында жарияланған өзекті де сапалы материалдар туралы айтамын. Алғашқы эпизодта журналист Нұртай Лаханұлының Азаттық радиосы сайтында жарияланған « Шыңжаңнан келгендердің кейінгі легі "лагерь" тақырыбын қозғауға құлықсыз» материалы. – Қытайда қалған туыстарымның амандығын білейін деп келдім. Ол жақта бауырларым, ағайын-жұрағатым бар. Естуімізше, онда қиындық көп болып жатыр. 2017 жылы басталған Қытай саясатының салдарына...

May 03, 202212 minSeason 1Ep. 1

Жақсылық

Бұл эпизод біздің өмірде көрген, қанша уақыт өтсе де жылуы әлі кете қоймаған жақсылық туралы. Өздерінің мейірімге, жылуға толы естеліктерімен бөліскен достарым Қаламқас Толымбекқызы, Болатбек Мұхтаров, Айсұлтан Жақыпоы, Аян Қалмұрат, Мейірман Ілес, Назерке Низамудинқызына және есімін атамауды жөн көрген досыма көп алғыс.

Feb 05, 202237 minSeason 3Ep. 1

Бейпіл әңгіме

Бұл эпизод қазақтың боғауыз, бейпіл сөздері жөнінде. Ұят, мораль шектеуімен қазақтың ауыз әдебиетінің осы саласы ұмыт болып барады. Бейпіл сөздерді жаңғырту көпшілік орындарда бейәдеп сөйлеуді білдірмейді. Бұл әңгіменің де өз орны, аудиториясы бар. Сондықтан да эпизодқа қатысты 18+ жас шектеуін тағы да еске саламын. Эпизод басындағы дисклеймер Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты қазақ тіліңдегі сөзді синтездеу жобаcымен жасалды. Эпизодта Аршат Қайролланың, "А...

Jul 07, 20211 hr 23 min

Ауыл мен қала

Балалығымыз ауылда өтіп, қалада есейсек те, біз не ауылдық не қалалық болмадық. Кешегі мен бүгінгі, өзім және өзге, ауыл мен қала туралы эпизод Айсұлтан Жақыповпен)

Jun 29, 20211 hr 12 minSeason 2Ep. 18

Ȁǐel beǐneli saǐasat

Саясатпен, азаматтық белсенділікпен айналысатын қыз-келіншектер бір жағынан заңсыздықпен күрессе, екінші қоғамда қалыптасып қалған стереотиптермен де күресуге мәжбүр. Бұл подкаст мақсаты - әйелді киелендіріп, ерлерді тұқырту емес, әсте. Тек ой салу. Подкаст қонақтары: Инга Иманбай , Әсем Жәпішева .

Feb 18, 202140 min

16 шәйнек шай немесе достардың әңгімесі

Бұл эпизод арнайы подкаст ретінде жазылған жоқ. Былтыр, қазан айында Қызылорда қаласына жол түскен болатын. Сондағы бір кездесуіміздің бір ғана бөлігінің аудиожазбасы. Айтпақшы, қонақжай қызылордалық достарым Zhamilya Kassymkhan мен Oskar Gasta көп рақмет.

Jan 16, 202152 minSeason 1Ep. 16

10 қала

Ғалымжан Оразымбет екеуміз қыркүйек, қазан айларында Қазақстанның он қаласын: Орал, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Шымкент, Тараз және Алматы аралап, сапарға шығып едік. Осы сапардың дәмін, әсерін ораға салған эпизод.

Nov 14, 202032 minSeason 1Ep. 15

Саясаттағы адам

Подкаст қонағы - Қазақстандағы санаулы тәуелсіз саясаттанушылардың бірі Шалқар Нұрсейітов . Бұл эпизодта Шалқар белгілі бір саясаткер туралы емес, азаматтық қоғам өкілі, сіз бен біз туралы айтады. Саясатпен айналысу үшін ешкімнен рұқсат алудың, арнайы білім алудың қажеті жоқ. Өзі тұратын мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды мұрат ететін кез келген азаматтық қоғам белсендісі осы әңгіменің басты кейіпкері. Саясатанушы азаматтық қоғамдағы "саясатпен" айналысатын адам турал...

Jun 19, 20201 hr 4 minEp. 14

Үрейге толы эпизод

"Үрей. Күйзеліс. Паранойя. Психикалық дерті бар адамдардың басынан кешіретін жағдайы осы. Карантин кезінде біз уақытша олардың не сезінетінін білетін болдық. Бұдан былай оларға түсіністікпен қарайтын шығармыз деп ойлаймын"... Бұл эпизодта біз: Сая Бақимова, Ернар Бекенов үшеуміз үрей, қорқыныш сезімдері туралы айтамыз. Үрей қайдан шығады? Оның пайдасы бар ма? Оны қалай жеңуге болады? Сонымен қоса бұл эпизодта Нұрлыбек Зинабдин, Гаухар Раянова, Абылай Амантай, Ғалымжан Оразымбет және Бекзатбектің...

Apr 09, 202052 min

Сауат өлшемі. Сіз сауатты адамсыз ба?

Сауат деген не? Қатесіз жазу ма, білгеніңді іске жарату ма? Біз өзімізді сауаттымыз деп айта аламыз ба? Ал тұтас халықты ше? Бұл эпизодта медиатренер, медиа зерттеуші Асхат Еркімбай, аудармашы, блогер Асқар Базарбай (Oskar Gasta) және блогер, азаматтық белсенді Ғалымжан Оразымбет біздің заманымыздағы адамның сауат деңгейі туралы ой бөліседі.

Mar 26, 20201 hr 5 minSeason 1Ep. 10

COVID19. Қашықтан жақын араласу

Бұл пандемия адамға, қоғамға, сезімге, экономикаға, сенімге сынақ іспеттес. Біз оны қалай қабылдаймыз? Үміт беретін не? Неден қорқамыз? Осы төңірегінде Ғалымжан Оразымбет және Бэлла Орынбетова ой бөліседі. Подкаст барысында айтылған ресурстарға сілтемелер: https://www.coronavirus2020.kz/ Қазақстан бойынша ресми мәліметтер Әлемдік жағдайды қадағалайтын сайт: https://www.worldometers.info/coronavirus/#countries

Mar 21, 20201 hr 11 min

Біз қалай ксенофоб болдық

Бұл эпизодта Айсұлтан Жақыпов, Meihua Zheng және мен ксенофобия туралы әңгімелестік. Негізі бұл әңгімеге түрткі болған Қазақстанда жыл сайын әр өңірден бұрқ ете қалатын этнос аралық конфликттер. Атап айтқанда 2020 жылдың 5-7 ақпан күндері Қордайда болған оқиға. Бірақ әңгіме тек Қордай төңірегінде емес. Мұнда біз басымыздан өткен жағдайлар, жеке әсерлеріміз, түйген ойларымызбен бөлістік. Бәлкім кей мәселелерге қатысты әлі де ойларымызды өзгертетін шығармыз, кемелдіктің шегі жоқ) Өз пікірлеріңізді...

Feb 18, 20201 hr 7 min

1 КҮН: АУДАРМАШЫМЕН

"Бір күн" подкасты түрлі мамандық иелерінің әдеттегі жұмыс күнін баяндайды. Онымен қоса осы кәсіптің қиындығы мен артықшылығы, оған қатысты қоғамда қалыптасқан жаңсақ пікірлер туралы да айтылады. Алғашқы эпизодта аудармашы Гаухар Раянова өзінің әдеттегі күнін сипаттап берді. Аудармашылардың табысы, жақсы аудармашы болу үшін не қажет екенін, "Еркектер қорқақтардың" туындауына қатысты болжамдар және басқа да қызықты дүниелерді біле аласыз. Подкаст жазуға келісімін берген Гаухарға көп рақмет)...

Feb 03, 202045 minSeason 1Ep. 1

EKI KESE: Жаңа жылдық есеп

Подкаст жаңа жыл қарсаңында жазылған еді. Жаңа жыл бұл әдетте жылды қорытындылау, тағы бір жылға есею, өмір туралы ойлау, ғажайып күту, достарыңмен жиналу. Осы подкаст барысында мұның барлығы сөз болады. Екі кесе подкастының қонағы - Ғалымжан Оразымбет.

Dec 31, 20191 hr 2 min

EKI KESE: Кәріліктен неге қорқамыз?

Қария десе көз алдыңызға кім келеді? Оларға деген көзқарасыңыз, қарым-қатынасыңыз қандай? Сіз кәрілігіңізді қалай елестетесіз? Қоғамның қарияларға арнап ойып жасаған стереотип шаблонына кіргіңіз келе ме? Eki kese шай үстінде Ғалымжан Оразымбетпен осы жөнінде сөйлескен едік

Dec 16, 201937 min

EKI KESE: Жақын адамың қайтыс болғанда

Бұл подкаст менің сүйікті әпкем Ардаққа арналады... Дүниедегі ең жақын, ең қымбатты адамның өмірден өткенін қабылдау үшін маған үш жыл қажет болды. Қабылдау. Ұмыту емес. Жақындары қайтыс болғанда адамдар неге қайғырады? Меніңше өмірден өткен адамды емес, өзін аяғаннан. Шындап келгенде өмір деген біз ойлағандай қорқынышты дүние емес сияқты. Eki kese подкастының қонағы Гаухар Раянова. Неге Гаухар, неге бұл тақырып екенін подкаст барысында түсінесіз. Сеніңіз, өлімнен кейін де өмір бар......

Nov 11, 201948 min

EKI KESE: Sayahat, USA & Mongolya

Бұл подкастта дизайнер, жас блогер, болашақ жиһанкез Symbatbyek Darigyerkhanuly АҚШ сапары, Моңғолия мен Қазақстан арасындағы айырма мен ұқсастық, өмірін өзгерткен әдеттер, жақсы адамдар туралы пікірлерімен бөліседі ;)

Oct 21, 20191 hr 2 min

EKI KESE: Әкежан Қажыгелдинмен сұхбат

Бұл подкаст мамыр айында Парижде жазылған еді. Әкежан Мағжанұлының елдегі қоғамдық-саяси жағдайына көзқарасы қызықтырды. Сенім, үміт және өкініш туралы Әкежан Мағжанұлының туралы айтқандарын тыңдай аласыз.

May 16, 201959 min

EKI KESE: адамгершілік әлде профессионализм

Мінезі ауыр, адамгершілігі жоқ профессионал әлде адами қасиеттері ғажап олақ маман ба? Бір қарасаң адамгершілігі, мінез-құлқы өзінің жеке шаруасы, бастысы өз ісін білсе дейсің. Бірақ "өркениетті батыста" сәл шалыс қадамы үшін төрден көрге кетіп жатқан профилерді көреміз ғой. Ұлтқа қызмет ету сонымен мінезден бе? Бұл туралы әріптесім Ұшқын Сәйдірахманмен сөйлескен едік. Айтпақшы бұл біздің алғашқы подкаст болатын)

Jan 14, 201930 min
For the best experience, listen in Metacast app for iOS or Android