Донор болмас үшін не істеу керек?
Sep 30, 2020•5 min•Season 1Ep. 2
Episode description
Көп адам күйбең тіршіліктің күйіне салынып, өлім жайлы ойлана бермейді. Қайтыс болған соң ағзаларыңыздың тәніңізден ажырап, өзгенің денесіне алмастырылатыны жайлы ойланып па едіңіз? Егер адам тірі кезінде ағзаcын трансплантациялаудан бас тартпаса, онда қайтыс болғаннан кейін медициналық мекеме қызметкерлері оның ағзаларын алуға құқылы. Мұны "келісім презумциясы" деп атайды және қазақстандықтардың көбі одан бейхабар. Денсаулық сақтау Кодексінің соңғы өзгерістеріне сәйкес, жеке тұлға өз атынан трансплантация жасаудан бас тартатынын айтып, өтініш жазуы керек. Бұл өтінішті қайда барып, қалай жазады? Оны қайда тіркейді? Stan.kz тілшісі емханаға барып, өтінішін тіркеп көрді, мәселенің егжей-тегжейімен бөліседі.
For the best experience, listen in Metacast app for iOS or Android
