Бүгінгі қонағымыз ICF коуч - Ильяс Кунпеисов. Бұл шығарылым - біз бәріміздің басымызда бар «тұйық шеңберден» қалай шығу туралы еркін әңгіме. Егер сен де өміріңде бір қателікті қайталай беретініңді байқасаң, қала немесе жұмыс ауыстырсаң да паттерндерің (әдеттерің) өзгермей жатса, онда бұл подкаст дәл сен үшін. - Жалқаулық — бұл жаман қасиет емес пе? Неге үнемі «энергиям таусылды» деп жүреміз? - Отбасы — бұл «бизнес-жоба». Иә, естілуі суық шығар, бірақ неге біз бизнеске келісімшарт жазамыз да, өмі...
Mar 18, 2026•2 hr 8 min•Ep. 135
Бүгінгі подкастымыздың қонағы — филолог, аудармашы, тіл жанашыры және танымал «Калькасыз қазақша» телеграм арнасының авторы Назгүл Қожабек. Назгүл ханым — тілі ащы, көзі қырағы редактор. Ол әлеуметтік желілердегі грамматикалық және стилистикалық қателерді атын атамай-ақ дәл тауып, жұртқа көрсете біледі. Бұл шығарылымда біз балалардың тілдік контент тұтынуы, медиадағы қазақ тілінің салмағы, аударма сапасы мен күнделікті сөйлеуде жіберетін қателіктеріміз туралы ашық әрі пайдалы әңгіме өрбіттік. «Т...
Feb 26, 2026•2 hr 39 min•Ep. 134
Бұл подкасттың қонағы — белгілі балалар психологы Данияр Аренов. Біз ата-аналар мен балалар арасындағы ең өзекті әрі күрделі тақырыптарды талқыладық. Сұхбат барысында біз мына мәселелерді қозғадық: • Бала — сіздің «жобаңыз» емес: Неге ата-ана баланың болашағы мен тұлға болып қалыптасуына 100% жауапты бола алмайды және неге бұл жүкті иықтан түсіру керек?. • «Піл» ме, әлде «Бөкен» бе? Балаңыздың жүйке жүйесінің түрін қалай анықтауға болады? Төзімді «піл» балалар мен сезімтал «бөкен» балалардың тәр...
Feb 05, 2026•1 hr 58 min•Ep. 133
2026 жыл енді басталса да, кәсіпкерлер үшін оңай соқпайтыны қазірден белгілі. Жаңа Салық кодексі, инфляция, жасанды интеллектінің қарқыны — осының бәрі бизнеске тікелей әсер етіп жатыр. Дәл осы сұрақтарға жауап іздеу үшін бүгін біз студияға белгілі кәсіпкер әрі инвестор — Мират Ахметсадық мырзаны шақырдық. Мират мырза — Өскеменнің қарапайым жігітінен еліміздегі венчурлық нарықтың көшбасшысына айналған, MOST Ventures компаниясының негізін қалаушы тұлға. Бүгінгі шығарылымда біз экономикадағы өзгер...
Feb 05, 2026•1 hr 35 min•Ep. 132
Қажылық — мұсылман үшін парыз етілген ұлы сапар, жүректі жаңартатын үлкен мектеп. Бірақ бүгінде біз кейде оның сыртқы көрінісіне ғана мән беріп, шын әрі терең мағынасына үңіле бермейміз. Шынымды айтсам, бұл жағдай менің де басымнан өткен. Осы шығарылымда біз қонағымыз — тәжірибелі қажы-гид Ануар ағамен бірге қажылықтың жолын толық талқылаймыз: ниеттен бастап, ихрам, тауаф, сағи, Арафат, Муздалифа, Мина секілді кезеңдердің әрқайсысы нені білдіреді? Қажылық адамның ішкі дүниесіне қалай әсер етеді?...
Feb 05, 2026•1 hr 58 min•Ep. 131
🎙️ Бүгінгі подкасттың қонағы — елімізге белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев. Ол — Астанадағы Президент ауруханасында директордың орынбасары болып қызмет атқарған, Орта Азияда миға ең көп (7500-ден астам) ота жасаған сирек мамандардың бірі. 🧠 Бұл сұхбатта біз ми, медицина және өмірдің мәні туралы терең әңгімелестік: • Қазақстанда сапалы ота алу қаншалықты қолжетімді? • Жаңа технологиялар дәрігерді толық алмастыра ала ма? • Неліктен қытай халқы ұзақ өмір сүреді? • және де адам денсаулығы ме...
Feb 05, 2026•1 hr 13 min•Ep. 130
Бүгінгі қонағымыз – белгілі исламтанушы, PhD докторы, доцент, дінтанушы Қайрат Құрманбаев. Бұл шығарылымда біз бүкіл әлемді алаңдатқан Палестина мәселесінің тарихи тереңіне үңілдік: • Құддыс жерінің қасиеті неде? • Неге ғасырлар бойы бұл мекен үшін соғыстар тоқтамады? • Палестина біз үшін неге маңызды? Kairat: https://instagram.com/kairat_kurmanbayev https://instagram.com/qairat_ustaz Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/nari...
Oct 10, 2025•1 hr 25 min•Ep. 129
Бүгінгі қонағымыз – белгілі филолог, KBTU және ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Арын Құнанбайұлы. Бұл шығарылымда біз маңызды тақырыптарды талқыладық: • Оқу және жазу мәдениеті; • Абай мен әл-Ғазали шығармашылығының үндестігі; • Қазақ тілінде терең ойлану мәдениетінің әлсіздігі мен себептері; • Танымал әндердің мәтіндері мен олардың шынайы мағынасы. Терең ой, әдеби талдау мен жаңа көзқарастарды бірге іздедік. Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Aryn: https://instagram.com/aryn.qunanbai Nar...
Sep 30, 2025•2 hr 54 min•Ep. 128
Бүгінгі қонағымыз – белгілі кардиолог-аритмолог, Алматы кардиология орталығының жетекші маманы, «Bolashaq» бағдарламасының (Литва) түлегі, PhD Ғани Төлепбергенов. Бұл эпизодта біз жүрек денсаулығына қатысты маңызды сұрақтарға жауап іздедік: - Энергетиктердің жүрекке шынайы әсері қандай? - Стресс жүрек ауруларына қалай әкеледі? - Жүрекке не үшін сым (кардиостимулятор) жалғанады? - Жүрек қағысын бақылау неге маңызды? Сонымен қатар, жүрекке қатысты тағы да көптеген қызықты тақырыптар қозғалды. Juz4...
Aug 29, 2025•2 hr 5 min•Ep. 127
Біздің дәстүрлі Данияр Жігітбекпен жартыжылдық подкастымызды қабыл алыңыз. Біз джиу-джитсу, 12 апталық жылдың қорытындысы, бала әкеден қалай үлгі алатыны және т.б. тақырыптарды талқыға салдық. Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Daniyar: https://www.instagram.com/dzhigitbek Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live 00:00 🎬 Тизер 02:10 🎙️ Қонақта Дан...
Aug 19, 2025•1 hr 45 min•Ep. 126
Подкаст қонағы кітап авторы әрі коуч - Азамат Скаков. Біз Азамат мырзамен әр адам баласының өмірінде өтетін экзистенциалды дағдарыс пен кризистар, оның өту жолдары мен қажет өзгерістерді талқыладық. Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Azamat: https://instagram.com/azamat__skakov Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://tiktok.com/@narikbi.live 00:00 🎬 Тизер 02:55 👤 2025 жылдағы Азамат...
Aug 08, 2025•1 hr 50 min•Ep. 125
Бүгінгі подкаст қонағы белгілі ұстаз, ғалым PhD - Құрманғазы Садыбаев. Біз шығарылымында Құрманғазы мырзаның жаңа Tabys атты кітабын талқылап шықтық. Табыс деген түсінікті неге дұрыс түсінбей жүрміз? Оның қандай сиқыры бар? Табысты болу міндетті түрде бай болу дегенді білдіре ме? - және т.б. тақырыптарды терең тақылаға салдық. Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Kurmangazy: https://instagram.com/kurmangazy_sad Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com...
Jul 17, 2025•1 hr 51 min•Ep. 124
Бүгінгі қонағымыз белгілі маркетинг маманы - Ақсұлтан Қалиев. Біз Ақсұлтанның танымал блогерлік/вайнерлік (xaxa show) дәуірінен бүгінгі кәсіпкерлік жолына дейін өтіп шықтық. - Өмірдегі өзгерістерге не себеп болды? - Контент арқылы қалай қызмет етуге болады? - Қазақстандық маркетинг саласын талдау және т.б. тақырыптарды қозғап өттік. Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Aksultan: https://www.instagram.com/aksultankali Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagr...
Jun 19, 2025•1 hr 43 min•Ep. 123
Rumi ресторандар желісі, Shonbay Business School және көптеген бестселлер кітаптар – Қуаныш ағаны көпшілік осы жобалар арқылы таниды. ⠀ Бұл шығарылымда жол апатының оның өміріне қалай әсер еткені туралы айттық. Сонымен қатар, соңғы жылдары маркетинг пен бизнесте не өзгергенін, қандай ой келіп, неге басымдық бергенін нақты сұрадық. Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Kuanysh: https://www.instagram.com/kuantr Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/na...
May 15, 2025•2 hr 29 min•Ep. 122
Бүгінгі подкаст қонағы - Садық Шерімбек: жазушы, аудармашы, технократ, IT маманы және Qalan Publishing баспасының негізін қалаушы. Білмегенге, Садық мырза қазақ тіліндегі ғылыми-көпшілік контентті дамытуға белсенді атсалысып, «JÜZ», «SAFAR» сияқты кітаптардың авторы. Сонымен қатар, балаларға арналған «AjA Kids by Qalan» журналы мен «Әл-Жәбірдің атасы» ғылыми журналының шығарушысы. Біз Садықтың анасымен жаяу Меккеге дейінгі саяхатын талқылап, сол жолда орын алған оқиғалар мен өмірлік сабақтарды т...
May 06, 2025•3 hr 22 min•Ep. 121
Бүгін подкаст қонағы белгілі әнші, сазгер - Арман Сейітжаппаров, көбімізге ARO атымен танымал. Біз Арманның белгілі әндерінің мағынасын терең қазып, Арманның көкейінде жүрген, бірақ көбіне айта бермейтін тақырыптарды қамтыға тырыстық. Арзан әуе билеттері: https://aviasales.kz Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi ARO: https://www.instagram.com/seitjapp.aro.ff Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikT...
Apr 17, 2025•2 hr 11 min•Ep. 120
Бүгінгі подкаст қонағы белгілі исламтанушы, Maqsut Narikbayev University оқутышысы - Асқар Сабдин. Бұл шығарылымда біз мемлекет пен дін арасында қарым-қатынас, қызыл террор, діни контенттегі цензура және ерекше Бауыржан Әлиұлы ұстазды еске алдық. Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Askar: https://www.instagram.com/askar_sabdin https://www.facebook.com/askarsabdin Narikbi: https://instagram.com/narikbi Instagram: https://instagram.com/n...
Apr 01, 2025•1 hr 39 min•Ep. 119
Бүгінгі подкасттың қонағы – белгілі кәсіпкер, JUZ40 білім беру орталығының негізін қалаушы Жұлдызай Мұсаева. Қонағымыз білім беру саласындағы жаңашылдықтар мен оқушылардың жетістігі туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Бұл шығарылымда: 🎯 ҰБТ оқушының болашағына қалай әсер етеді? 👀 Балалардың назарын ұстап тұрудың тиімді жолдары 📚 Қазіргі жастардың білімге деген көзқарасы 🔥 140 балл жинаудың құпиясы Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Z...
Apr 01, 2025•1 hr 44 min•Ep. 118
Бүгін қонақта біздің сүйікті әрі тұрақты қонағымыз - Табиғат Қаутай ағамыз. Біз Табиғат ағаға соңғы уақытта ең көп қойылатын сұрақтарды, талантымыз бар, бірақ одан қорқамыз? ғапылдық пен өзін-өзі ұмыту және неге адамдар өлгеннен кейін оянады деген тақырыптарда сөз қозғадық. Рамазан айында осы руханият тақырыбындағы подкастымызды тамашалап, жақындарыңызға жіберіп қойыңыз. Juz40 online: https://juz40.kz/?utm_source=narikbi Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz Sajda app: https://get.sajda....
Mar 10, 2025•2 hr 29 min•Ep. 117
Қонағымыз белгіліп стендап комик - Руслан Тай. Біздің кезекті шығарылымда Руслан екеуміз өмірімізде не өзгерістер орын алғанын, соңғы жылы елдегі орын алған жағдайлардың шығармашылыққа әсері, стендаптағы жаңа есімдермен мен әзілдерді талқылау қызық болды. Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz Арзан әуе билеттері осында: https://aviasales.kz Ruslan: https://www.instagram.com/ruslantai Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live Telegram: ht...
Mar 02, 2025•1 hr 33 min•Ep. 116
Біздің бүгінгі қонағымыз белгілі нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев. Мыңжылқы аға Астанадағы президент ауруханасында директордың орынбасары. Орта Азия елдерінің ішінде миға ең көп ота (7500 астам) жасаған мамандардың бірегейі. Біз миға қатысты барлық сұрақтар мен аңыздарды ашып шығуға тырыстық: - Мидың денсаулығы тікелей неге байланысты? - Стресс қалайша миды зақымдайды? - Мидағы қатерлі ісікті қалай анықтаймыз? - Ұйқы, алкоголь мен темекінің миға әсері және т.б. тақырыптарды қозғадық. Онлайн мате...
Feb 14, 2025•2 hr 33 min•Ep. 115
Бүгінгі қонағымыз белгілі кітап авторы, журналист - Санжар Керімбай. Бұл жолы біз Санжар ағамен жеке кездесуге мүмкіндік алдық. Жақында ғана шыққан Ғылыми майдан - Қаныш Сәтпаевтан бастап, бала әдебиетіне үңіліп, Яссауи жолымен қатар Санжар ағаның да өткен жолын талқылап, көкейде жүрген сұрақтарды қойдық. Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz Арзан әуе билеттері осында: https://aviasales.kz Sanjar: https://www.instagram.com/sanjarkerimbay Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi Instag...
Feb 07, 2025•1 hr 57 min•Ep. 114
Құрметті көрермен, бүгінгі қонағымыз белгілі стендап-комик - Тілеген Еркінбеков. Соңғы жылдары елімізде стендап өте қарқынды даму үстінде. Тілегенді өткен жылдың стендап сахнасындағы жарқын жұлдызы десем болады. Біз әзілі өткір әрі өзекті болған Тілегеннің Семейден үлкен қалаға келіп, күзетші жұмысынан бастап, үлкен сахнаға дейінгі жолын ашып өттік. Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz Арзан әуе билеттері осында: https://aviasales.kz Ginger shot: www.instagram.com/localfoodskz Tilegen: ...
Feb 03, 2025•2 hr 11 min•Ep. 113
Бүгінгі қонағымыз елімізге әйгілі Ирина Кайратовна тобының мүшесі - Азамат Марклен. Бұл Азаматпен шыққан алғашқы ұзын форматтағы диалог әрі подкаст. Шығарылымда Азаматтың өтіп шыққан жолы, жеке трансформациясы, тумен қатысты оқиғадан кейінгі кибербуллинг, Меккеге барып келгендегі түйіндері мен жоспарларын талқыладық. Онлайн математика тренажеры: https://qalan.kz InvestDala Podcast: https://youtu.be/xza0efUukdQ Azamat: https://www.instagram.com/marklenov Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi...
Jan 27, 2025•1 hr 45 min•Ep. 112
Сергек технологиясы қазақстандықтардың жолдағы тәртібін түбегейлі өзгертті десек, қателеспейміз. Көпшілік үшін Сергек — тек жол қозғалысын бақылайтын, айыппұл салатын камералар жүйесі. Алайда, бұл технологияның арқасында жол апаттарынан болатын өлім-жітім 40-50%-ға азайғанын білеміз бе? Подкаст барысында Әсет Ахметовпен бірге халықты алаңдатқан маңызды сұрақтардың жауабын іздедік: • Сергек камералары қалай жұмыс істейді? • Айыппұлдар қайда жұмсалады? • Сергекті айналып өту мүмкін бе? • Кептеліст...
Jan 21, 2025•1 hr 45 min•Ep. 109
Бүгінгі қонағымыз белгілі исламтанушы, теолог және ұстаз - Төлеген Талдыбаев. Төлеген ұстазбен "Бүгінгі бізде қонақта" сахабалар өмірін талқылайтын атақты жобасын, діни қылмыстық топтармен күрес, эмоционалды ислам және діни қызметкерлерді қолдау жобаларын талқыладық. Онлайн математикалық тренажер: https://qalan.kz Tulegen: https://www.instagram.com/tulegen_taldybaev Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live Ti...
Jan 20, 2025•2 hr 26 min•Ep. 111
Біздің дәстүрлі Данияр Жігітбекпен жылдық қорытынды подкастымызды қабыл алыңыздар. Өткенді саралап, болашаққа жоспар құрып, түйген ойларымыз бен сабақтарымызды ортаға салдық. Онлайн математикалық тренажер: https://qalan.kz Daniyar: https://www.instagram.com/dzhigitbek Narikbi: https://www.instagram.com/narikbi Instagram: https://www.instagram.com/narikbi.live Telegram: https://t.me/narikbi_live TikTok: https://www.tiktok.com/@narikbi.live Тайм-код: 00:00 Тизер 01:53 Қоғамдағы ең 2 дефицит зат 05...
Jan 20, 2025•1 hr 47 min•Ep. 110
Бүгінгі подкаст қонағы – шығыстанушы, полиглот Арсен Шади мырза. Осыдан 5 жыл бұрын дәл осы подкастта алғаш рет жолыққан Арсен екеуміз бүгін шығыс әлемінің қыр-сырына үңілеміз. Бұл шығарылымда біз өзекті әрі маңызды сұрақтарды қозғадық: - Түркияның идеологиясы қандай бағытта дамып жатыр? - Сауд Арабиясы жаңа саясаты арқылы нені көздейді? - Иран мен Израиль арасындағы қарым-қатынастардың астарында не жатыр? - Және ең бастысы – бұл оқиғалар біздің елге қалай әсер етеді? Шығыс – сан қырлы, әрі күрд...
Dec 06, 2024•2 hr 5 min•Ep. 108
Бізде қонақта белгілі эколог әрі экономист, ауа ластану зерттеушісі және әлеуметтік белсенді - Равкат Мұхтаров. Равкат Назарбаев Университетінің (экономика), University of Alberta, Канада (қоршаған орта экологиясы) түлегі. Бұл шығарылымда біз Алматыда қашан таза ауамен тыныс алатынымызды, мәжіліс депутат болуға ұмтылысы мен әлеуметтік белсенділігі үшін қалай бірнеше рет тәртіп қызметкерлерінен ұсталғандығын талқыладық. Ravkat: https://www.instagram.com/ravkats Narikbi: https://www.instagram.com/...
Nov 27, 2024•1 hr 56 min•Ep. 107
Бүгінгі қонағымыз белгілі исламтанушы, PhD докторы, доцент Құрманбаев Қайрат ағаымз. 2018-2024 жылдар арасындағы Нұр-Мүбарак университетінің проректоры қызметін атқарған Қайрат ағамыз ғылым жолындағы өмірін, қоғамдық қорлардың жұмыстары, психология мен исламның қарым-қатынасы, орамал мәселесін жақын арады шеше аламыз ба және басқа да маңызды тақырыптарды қозғадық. Онлайн математикалық тренажер: https://qalan.kz Kairat: https://www.instagram.com/kairat_kurmanbayev Narikbi: https://www.instagram.c...
Nov 18, 2024•1 hr 49 min•Ep. 106